Атырау, 27 қараша 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Вашингтон Киевке берген көмегін қайта есептеп, 200 миллион долларға тең соғыс жабдығын тағы берді

491 просмотра

АҚШ 8 тамызда Украинаға құны 200 миллион доллар әскери көмек беретінін жариялайды, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Жаңа әскери көмек пакетіне минадан тазартуға арналған құралдар мен "Пэтриот" зенит-зымыран кешеніне, танкіге қарсы "Джевелин" кешеніне, HIMARS реактивті зымыран кешеніне арналған оқ-дәрі мен өзге де соғыс жабдықтары кіреді.

Бұл көмек бұған дейін бөлінген 6,2 миллиард доллар әскери көмек пакетіне кіретін соғыс құрал-жабдықтарының құнын қайта есептегенде шыққан.

Мамыр айында Пентагон Киевке берілген қару-жарақ құны жоғары есептеліп қате кеткенін, қайта есептегенде тағы да қосымша көмек беруге мүмкіндік туғанын айтқан.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаны қосымша қаржыландыру туралы сұрау салуға дайындалып жатыр. Оны АҚШ конгресі күзде қарауы мүмкін. Бұл жөнінде АҚШ әскерін жабдықтау бөлімінің бастығы Дуг Бушқа сілтеп, CNN хабарлады.

Байден әкімшілігі былтыр наурыз, мамыр, қыркүйек және желтоқсан айларында - төрт рет конгрестен Украинаға ақша сұраған.

9 тамыз 2023, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.