Атырау, 27 қараша 14:49
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Конституция күні қуаныш еселенеді

1 235 просмотра

Конституция күні қарсаңында өңірімізде 23 592 адам біржолғы әлеуметтік төлем алады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті.

- Жергілікті жауапты органдардың шешіміне сәйкес, биыл 23 592 адам оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен 1,2,3 топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 50 000 тенге көлемінде әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Әлеуметтік төлемдер 15 тамыздан бастап беріле бастайды. Ол үшін ешқайда құжат тапсырып, өтініш толтырудың қажеті жоқ. Барлығы «Цифрлық отбасы» арқылы цифрландырылған жүйемен іске асады, - деді А.Мәмбетов.

Оның айтуынша келер жылдан бастап, біржолғы берілетін төлемнің көлемін арттыру көзделіп отыр. Айта кетейік, мүгедектігі бар азаматтарға берілетін бір реттік төлемдер жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді.

 Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА


9 тамыз 2023, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.