Атырау, 29 қыркүйек 20:35
 ашықВ Атырау +13
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жастар күні қызықты өтеді

1 051 просмотра

Биыл халықаралық жастар  күні Атырауда ерекше форматта тойланады. Бұл туралы Атырау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім ДОСҚАЛИЕВА баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- 7-12 тамыз аралығында Атырау облысының жастары үшін бірнеше бағыттағы әр түрлі жобалар өтеді. Оның ішінде, спорттық сайыстар, зияткерлік қабілетті дамытуға арналған сайыстар, одан бөлек шығармашылық жобалар, жайдарман ойындары т.б. жоба түрлері бар. Атап айтсақ, 7 тамыз күні «Ретро-парк» саябағында жұмысшы жастардан құралған топтардың арасында «Atyrau Quest» атты квест ойыны өтеді. Одан кейін, 8 тамызда облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Атырау облысы әкімінің кубогі» КТК ойыны, 9 тамызда Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Жас отбасы» конкурсы, 10 тамызда «Мен жастарға сенемін» атты поэзия кеші, 11 тамыз күні «Atyrau Quiz» интеллектуалды ойыны өтеді. Сондай-ақ жастарға, оның ішінде мобилография саласына қызығатын жастар үшін 12 тамызда танымал мобилограф Қыран Талапбектің шеберлік сағаты өткізіледі, - деді А.Досқалиева. Айта кетейік, шеберлік сағатқа бүгінге дейін 180-ге жуық өтініш түсті. Конкурсқа қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етіледі, ең басты сыйлық - iPhone 14 Pro Max.

- Бұдан бөлек, кітап жәрмеңкесі өтеді. Осыған дейін өтетін байқау, шаралардың финалы сол жерде болады. Жәрмеңкеге Республика көлеміндегі 6 спикер шақырылды. Спикерлерге тоқталып өтсем, Перизат Мырзахмет, Санжар Керімбай, Бақытгүл Сәрмекова, Шынар Әбілда, Арман Әлменбет, Раиса Қадыр. Жәрмеңкеден кейін, спикерлер әрі қарай пікірталас алаңына кетеді. Осы тұста тұрғындарға айтарым, сол пікірталас алаңына келіп, спикерлерге өзіңіздің ойларыңызды айтып, сауалдарыңызды қоюыңызға болады , - деді "Ақсұңқар" ҚҚ-ның жоба жетекшісі Нұрсұлтан ЗИЯДАЕВ. - Одан кейін «Ulttyq Karaoke» атты ән сайыс өтеді. Ол жерде финалистер Шәмші Қалдаяқовтың әндерін айтып сайысатын болады. Жалпы жүлде қоры – 500 мың теңгені құрайды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті ӨКҚ жолдады

9 тамыз 2023, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.