Атырау, 27 қараша 15:01
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Су бетіндегі сұлулық суретшілерге шабыт берді

Сурет Бейнежазба
1 208 просмотра

«Су бетіндегі сұлулық» - осындай атаумен жақында Құрманғазы ауданы Қиғаш өзенін бойлаған қызыл кітапқа енген лотос алқабын кенеп бетіне түсіруге арналған суретшілердің республикалық пленэрі аяқталды. 

Атырау облысы мен еліміздің әр түкпірінен жиналған қылқалам шеберлерінің жиырмадан астам жұмысы Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейіне көрмеге қойылды. Көрменің ашылу салтанатында сөз алған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл ЖОЛАМАНОВ: 

- Қыл қалам шеберлеріне жол азабын ауырсынбай Қиғашқа барып қайтқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздердің кенеп бетіне түсірген суреттеріңіз қала қонақтарының назарына ұсыну үшін музейде сақталатынына қуаныштымын, - деді. 

Шара барысында барлық қатысушыларға алғыс хат және 250 мың теңге сыйақы табыс етілді. 

Республикалық пленэрге 10 суретші қатысып, 21 картина музей қорына енді. 

Алматы қаласынан келген Жеңіс МОЛДАБЕКОВ, «Лотосқа серуен» және «Лотос алқабы» атты екі картина салған. Сұлулықтың шабыт бергені соншалық, екі суретті салуға бар болғаны 2 сағат 30 минут уақыт кеткенін айтады. 

- Құрманғазыға барар жол алыс болды. Сол күні Теңіз ауылына барып қонып, ертесі күні таңғы сағат 6:00 де лотос алқабына бет алдық. Ол жаққа бара жатқанның өзінде самал желұшқан құс пен табиғаттан әсер алып, кешегі шаршаудың бәрін ұмыттық. Тамаша табиғатты көргенде, бәріміз үнсіздікке түсіп шабыттанып алдық, - дейді Ж.Молдабеков.

Айта кетейік, су ортасында өсетін лотос таңертең қауызын ашып, кешке қайта жабады. Бұл гүлді үндістер мен вьетнамдықтар тазалықтың символы ретінде бағалайды. Тіпті оның емдік қасиеті бар деп есептеледі. Алайда, лотос гүлін жұлуға болмайды, еліміздегі сирек кездесетін өсімдікті қорғауымыз керек. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор және музей парақшасынан алынды

9 тамыз 2023, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.