Атырау, 27 қараша 14:49
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тағы екі зауыт салу жоспарланған

1 396 просмотра

Атырау облысында екі ірі зауыт салынып, 4500-ден астам жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ әлеуметтік желіде хабарлады. Әңгіме бутадиен және газ өңдеу зауыттары туралы болып отыр.

«Бутадиен "Самұрық - Қазына" қорының ресейлік "Татнефть" мекемесімен серіктестікте салынғалы отырған зауыт. Бұл жерде шина өндірісіне қажетті каучук өнімдері өндіріледі, - деп жазады Ж. Бисембиев. - Жоба құны 800 млн доллар. 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Зауыт құрылысы келер жылы басталып, 2026 жылы қолданысқа берілуі тиіс».

Ал газ өңдеу зауыты "QazaqGaz" ҰК” АҚ компаниясының шетелдік инвесторлармен бірлескен жобасы. Жоба құны 500 млн АҚШ долларына тең. Зауытта 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

«Аталған ірі инвестициялық жобаларға ТШО компаниясынан жұмыстан босатылған жұмысшыларды тарту мәселесін қарастырдық. Осы екі инвестициялық жоба облыстың экономикалық, өндірістік қуатын арттырып, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына ықпал етеді деген сенімдеміз, - деп сөзін түйіндеді Ж. Бисембиев.

Айнұр САПАРОВА 

3 тамыз 2023, 22:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.