Атырау, 23 қараша 19:40
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде коронавирус өршіп тұр

648 просмотра

Ресей Федерациясында коронавирус жұқтырған науқастардың саны артты. Бір күнде 11 мыңнан астам адамның ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы апта ішінде науқастар саны 20 пайызға өскен.

Qazaqstan ұлттық арнасының хабарлауынша, Тұтынушылар құқығын қорғау федералдық қызметі күзде науқастар көбеюі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Айта кетсек, соңғы 3 жылда Ресей халқының тең жартысы COVID-19 індетімен ауырған. Көрші елде індетке қарсы 10-нан астам вакцина шығарылатыны көпшілікке белгілі.

«Бізде індет күшейіп, қайта пандемия болады деген мәлімет жоқ. Бірақ науқастар саны артуы мүмкін. Себебі коронавирус жұқтыру деректері әлі де бар. Егер жағдай өзгеріп жатса ревакциналауды қарастыратын боламыз», деді дәрігер-эпидемиолог Геннадий Онищенко.

3 тамыз 2023, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.