Атырау, 27 қараша 14:53
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау футболы ардагерлерінің дербес алаңы болады

Сурет
1 701 просмотра

Атырауда Жилгородок көпірінің жанынан ардагер спортшылар үшін футбол алаңы салынып жатыр. Атырауда 10 жылдан бері ардагерлер футбол командасы болғанымен, жаттығатын жері болмаған еді. Қаланың әртүрлі жеріндегі алаңдарды өз ақшаларына жалға алуға тура келеді.

-  Біз спортшыларды жеңіспен оралып келген кезде ғана құрметтеп, олар спорттан кеткеннен кейін ескерусіз қалып жатады. Бізде де қазір осындай жағдай. Он жылдан бері ардагерлер спортына етене араласып жүрген соң, сүйікті істерімен айналысуды жалғастыру үшін оларға футбол алаңын салу ойыма келді. Қалалық әкімдік бұл ұсынысымды қолдады. Алаң менің өз қаражатыма салынып жатыр, - дейді Атырауға танымал адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВ.

Футбол ардагерлері 35 пен 70 жас аралығындағылар, айтпақшы, олардың командасы сәйкес жас санаты бойынша Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанған.

- Алаңнан бөлек, жарық, бейнекамера, биотуалет орнатып, жанкүйерлерге арналған 100 орындық трибуна салып, тал егіп, әрі қарай күтіп-баптау үшін сенімгерлік басқаруға алу жоспарымызда бар, - дейді Н. Жолболов. – Жалпы Жилгородокты жергілікті футболдың орталығы деп санауға болады. Мұның тарихы 50-ші жылдары салынған “Кузнецовское поле”-ден басталады. Қазір бұл жерде «Атырау» командасы ойнайтын «Мұнайшы» стадионы да бар, ал 80-жылдардың басында аты аңызға айналған «Прикаспиец» командасы да осында ойнаған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

3 тамыз 2023, 23:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.