Атырау, 27 қараша 14:41
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

1 тамыздан бастап Атырауда қоқыс тарифі көтерілді

1 769 просмотра

Ол енді көппәтерлі үй иелері үшін бір адамға 379,50 теңге болса, жеке үй тұрғындары үшін адам басына 409,26 теңге болып есептеледі (бұрын тиісінше 197 және 214 болды).

«Арнаулы автобаза» ЖШС өзінің ресми сайтында тарифтің көтерілгені туралы жариялық шартын жариялады. Шарт бойынша кейбір санаттағы тұрғындарға жеңілдік қарастырылған. Атап айтқанда, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері (қазір бізде олар жоқ – Н.Н.) мен оған теңестірілген ардагерлерге (бұл жерде негізінен Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшылар туралы болып отыр) 100 пайыз жеңілдік, ал, көпбалалы аналар мен олардың 18 жасқа толмаған балаларына, І-ІІ топ мүгедектігі бар адамдарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға, жасы бойынша зейнеткерлерге 50 пайыз жеңілдік берілген.

Осы санатқа кіретін тұрғындар растайтын құжаттарын Сәтпаев даңғылы, 25 мекен-жайына тапсыруы тиіс. Жеңілдік растайтын құжаттар тапсырылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Еске салсақ, бұған дейін қоқысты алып кетуге арналған тарифті депутаттар қалалық мәслихатта қарастырғанын жазған едік.

Енді әлеуметтік желіде тұрғындар көтерілген бағаға сәйкес, қоқыс контейнерлерінің барлығы қоршалып, қоқыстарды уақытында алып кетуін талап етуде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 тамыз 2023, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.