Атырау, 29 қыркүйек 22:29
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Болашақ чемпиондарға арналған мектеп-интернат

1 464 просмотра

Атырау облысында ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген «Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» мекемесі ашылды. Қазір оқушылардан 2023-2024 оқу жылына құжаттар қабылдау басталды.  

Интернатқа бокс, дзюдо, еркін күрес және таеквондо бойынша 7-11 сынып оқушылары қабылданады. Директоры болып ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Қайрат ДОСҚАЛИЕВ тағайындалды. Ол бұған дейін «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ директоры қызметін атқарған.

Қ.Досқалиевтың айтуынша, спорт интернатына оқуға қала мен аудандардан кез келген оқушы құжат тапсыра алады. Кейін олар жүгіру, секіру секілді тапсырмалардан сынақ тапсырып, күресетіндер күресіп жеңімпаздары таңдап алынады.

- Қазір APEC оқу орталығының ғимаратын жалға алу арқылы спорттың 4 түріне арнап ашып жатырмыз. Алдағы уақытта мектеп-интернатқа арналған арнайы ғимаратын салып, тағы олимпиадалық спорт түрлерін қосу жоспарда бар. Әзірге 120-150 бала қабылданады деп күтілуде. Олар жатын орынмен, 5 мезгіл тамақпен қамтылады, - дейді Қ. Досқалиев.

Спорт басқармасының мәліметінше, Нұрсая ықшамауданында NCOC компаниясы есебінен спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты салынбақ. Бұған жер телімі берілген.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 тамыз 2023, 23:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.