Атырау, 9 мамыр 07:11
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып кетті

1 181 просмотра

2 тамыз күні кешке Атырауда Махамбет Өтемісұлы көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 34 жастағы Chevrolet жүргізушісі 11 жастағы жасөспірімді қағып кетті.

– Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасының травмпунктінде қаралып, үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар жинақталып жатыр, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал денсаулық сақтау басқармасынан жеткіншектің денсаулығына қатысты жауап алдық: «103 пультіне шақырту сағат 21:56-да түсті. Зардап шегуші «сол жақ жіліншіктің ішкі тобығының жабық сынығы» диагнозымен облыстық балалар ауруханасының травматология пунктіне жеткізілді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделу үшін үйіне жіберілді».

Айнұр САПАРОВА

3 тамыз 2023, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.