Жылыой ауданының 95 жылдық мерейтойына «Теңізшевройл» компаниясы жергілікті медицина мекемелеріне жаңа «А» класты 6 жедел жәрдем көлігін тарту етті.
- Бұл көліктер Құлсары қаласы мен 5 ауылға беріледі. ТШО-ға аудан басшылығы мен халқы атынан алғысымды білдіремін, - деді кілт табыстау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис АЙШУАҚОВА.
«Jac Sunray» маркалы жедел жәрдем көліктері Қазақстанда құрастырылған. Олар бекітілген стандарттарға сәйкес толық жабдықталған. Олардың жалпы құны - шамамен 190 миллион теңге.
«ТШО» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен АРОНОВ:
- ТШО біздің қызметкерлер мен олардың отбасылары тұратын және қызмет атқаратын аймаққа ерекше көңіл бөледі, - деді.
Еске салсақ, бұған дейін «Теңізшевройл» компаниясы Жылыой ауданына мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған инватакси, сондай-ақ 4 арнайы техника, оның ішінде қар тазалайтын көлікті сыйға тартқан болатын.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Жылыой ауданы әкімдігінің парақшасынан алынған сурет