Атырау, 22 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көкжөтел күшейіп тұр

1 493 рет қаралды

Атырау облысында жыл басынан бері зерханалық жолмен көкжөтел ауруының 46 жағдайы анықталды. Ал 2022 жылдың осы кезеңінде небәрі 2 жағдай тіркелген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл СӘРСЕНҒАЛИЕВА брифингте мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Аурудың 98%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Оның бәрі дерлік көкжөтелге қарсы екпе алмаған балалар. Көкжөтел инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – жаппай вакцина алу, - деді А.Сәрсенғалиева. Оның айтуынша, вакцинация ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 2, 3, 4, 18 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация - тегін. Оны жергілікті мекенжай бойынша емханада алуға болады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

Көкжөтел (коклюш - француздың coqueluche сөзінен алынған) – жіті ауа-тамшы арқылы таралатын бактериялық инфекция, оған тән симптом – қатты булығып жөтелу.
Тыныс алу жолдарының қауіпті жұқпалы ауруы. Екі жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.
3 тамыз 2023, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.