Атырау, 23 маусым 08:13
 дождьВ Атырау +19.3
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Қаржы тамаққа емес, мектеп формасы мен оқу құралдарына арналған

1 693 рет қаралды

Атырау облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 15 мыңға жуық бала қаржылай көмек алады. Олардың әрқайсына киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 40 567 теңге бөлінді. Бұл туралы Білім беру басқармасының басшысы Ерлан СЛАМБЕКОВ баспасөз брифингінде мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Қаржылай көмекті атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар және төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасының балалары алады, - деді Е.Сламбеков. 

Брифинг барысында Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай БИМАНОВА ата-аналардан балалардың мектеп формасы мен кеңсе құралдарына арнайы бөлінген қаражатты мақсатты жұмсауды сұрады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

3 тамыз 2023, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.