Ауғанстанда тәліптер билікке оралғаннан кейін Пәкістанда лаңкестік шабуылдар саны күрт өсті
Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының сайлауалды митингі кезінде болған жарылыстан кем дегенде 44 адам қаза тапты. Шабуылды елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысатын жиһадшылар тобы ұйымдастырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ға сілтеме жасап.
Түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, зардап шеккендердің саны 200-ге жуық болуы мүмкін. Алайда, ауданды қоршап алған қауіпсіздік қызметі шабуыл құрбандары одан да көп болуы мүмкін деп ескертеді, өйткені митингке 500-ге жуық адам қатысты.
Жаңалықтардан жедел жәрдем көліктерінің жаралыларды жергілікті ауруханаға тасып жатқан кадрлары көрсетілді. Әсіресе ауыр жарақат алғандар тікұшақтармен Пешавар қаласындағы клиникаға жеткізіледі.
Жергілікті ауруханада зардап шеккендерді қабылдауға төсек-орын да, дәрігерлер де жетіспейді, олардың кейбіреулері дәлізде көмек күтуде.
Елдегі биліктің айтуынша, жарылыстан JUI-F-тің аймақтық жетекшісі Маулан Зиаулла да қайтыс болды, өйткені жарылыс ол жақтастарына сөз сөйлеп тұрған сәтте болды.
JUI-F-ірі діни саяси партия және Пәкістан Парламентіндегі үкіметтік коалицияның құрамына кіреді. Хар қаласындағы митинг осы жылдың күзінде өтетін елдегі жалпы парламенттік сайлау қарсаңында ұйымдастырылды.
Пәкістан аумағында жұмыс істейтін экстремистік топтардың ешқайсысы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
Жақын маңдағы Ауғанстанда тәліптер билікке оралғаннан кейін Пәкістанда лаңкестік шабуылдар саны күрт өсті. Әскерилер содырлар Ауғанстанда орналасқан, сол жерден Пәкістан территориясына шабуыл жасайды дейді.