Атырау, 23 қараша 19:42
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда Сириядағы соғысқа қатысты деген күдікпен бір азамат ұсталды

700 просмотра

Қырғызстанның Ош облысында 1994 жылы туған бір ер азамат ұсталды. Құқық қорғау органдары оны халыққаралық террористік ұйым жақтасы деп отыр, деп жазады Azattyq.org.

Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған азамат 2017 жылы Түркияға кетіп, сол ел арқылы Сирияға өтіп, сол жақтағы "қарулы жанжалға қатысқан".

Түркияға қайтып оралған соң оны сол жерде ұстап, Қырғызстанға депортациялаған. Отанында бұл азамат "терроризм", "әскерге жалдану" айыптары негізінде сотталған. Бірақ ол 2021 жылы бостандыққа шыққан.

ІІМ мәліметінше, күдікті тұратын үйден қару-жарақ табылған. "Заңсыз қару сату" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Ош қаласының тергеу изоляторында отыр.

Қырғызстан арнайы қызметінің 2018 жылғы мәліметінше, Сириядағы әскери қимылдарға Қырғызстанның 850 азаматы қатысқан, 150-і ұрыс кезінде қаза болған.

28 шілде 2023, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.