Атырау, 24 шілде 01:14
 дождьВ Атырау +28.8
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

«Азаматтарға арналған үкімет» МК Абай облыстық филиалының директоры ұсталды - ҰҚК

Сурет
1 021 рет қаралды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Абай облыстық филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.

«27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Семей қаласының уақытша қамау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

photo
photo
28 шілде 2023, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.