Атырау, 30 қыркүйек 02:27
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда 13 мектеп пен 12 балабақшаға басшы лауазымына конкурс жарияланды (тізім)

1 399 просмотра

Білім басқармасының ресми парақшасында әлеуметтік желіде жарияланған хабарландыруда айтылғандай, Атырау қаласындағы келесі мектептерге бірінші басшылар қажет:

- №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп

-  №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

-  №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп

-  Жамбыл атындағы орта мектеп

-   IT мектеп-лицей

-  Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

-   №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия

-   №37 орта мектеп (уақытша 01.09.2025 ж. дейін),

-  №15 Абай атындағы орта мектеп

-  №24 орта мектеп,

-  И.Тайманов атындағы орта мектеп

-   М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп

-   №17 мектеп-лицей

Сонымен қатар, коммуналдық қазыналық кәсіпорындар – балабақшалардың бірінші басшысы бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды:

– №26 «Жұлдыз»,

– №24 « Бақытты балалық  шақ»,

– №12 «Үміт»,

– №36 «Нұрәлем»,

– №38 «Аққайың»,

– №54 «Айгүл»,

– №33 «Көркемай»,

– №10 «Құлыншақ»,

– №43 «Арман»,

– №29 «Нұрсая»,

– «№25 «Еркемай», сондай-ақ №20 «Алтын балық» тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы балабақшаға және Дамбы өнер мектебіне де басшылар керек.

Барлық сұрақ бойынша Атырау қаласы, Әйтеке би, 77 мекенжайында орналасқан Атырау облысының білім беру басқармасына хабарласуға болады. Анықтама үшін телефон нөмірі: 35-43-27. Электронды пошта (e-mail):: obl.bilim@atyrau.gov.kz.

Хабарландыруда «...конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушылар шақырылады» делінген.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 шілде 2023, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.