Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің банк шоттарын жабу туралы заңсыз бұйрық шығарған. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Іс 296 кәсіпкерге қатысты. Прокурордың араласуынан кейін бұйрықтардың күші жойылды.
– Кәсіпкерлердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын негізсіз тоқтату фактілері анықталды, қазір бұл заңсыз тәжірибе тоқтатылды. Сондай-ақ, Wipon қосымшасы арқылы түскен хабарламалар бойынша тағайындалған салық органдарының 51 заңсыз тексерісі жойылды. Ал тексеруге жеке немесе заңды тұлғалардың тікелей өтініші бойынша ғана рұқсат етіледі, - деп хабарлады қалалық прокуратура.
Олардың ақпаратынша, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА