Атырау, 30 қыркүйек 02:25
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Астанада оқушы қыз мектепте балағат сөздер айтқан: Сот үкімі шықты

573 просмотра

Елордада оқушы қыз мектеп ғимаратында өзге қызға балағат сөздер айтқан. Іс сотта қаралып, бұзақының заңды өкіліне үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасаған оқушы қызға қатысты іс қаралған. Анықталғандай, мектеп ғимаратында кәмелетке толмаған З. кәмелетке толмаған К.-ға былапыт сөздер айтқан.

«Ол ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сотта оның заңды өкілі кінәні толық мойындады.

Кәмелетке толмаған З.-ның кінәсі кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының хаттай түсініктемелерімен, полиция басқармасы ұсынған құжаттармен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, З.-ға қатысты шара қолдану туралы полиция басқармасына Г.-ның берген арызымен дәлелденді.

Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, 14-16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабына сәйкес, оның ата-анасына немесе олардың орнында жүрген тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (24 150 теңге) айыппұл салуды көздейді», - делінген сот хабарламасында.

Мәлім етілгендей, сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кінәні толық мойындауды және өкінуді назарға алған. Ал жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған З.-ның заңды өкілі К.Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 16 905 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

28 шілде 2023, 08:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.