Атырау, 27 қараша 15:33
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астрахань трассасындағы «олқылықтарды» жоюға Маңғыстаудан жолшылар келді

1 365 просмотра

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан ЖАНТУРИННІҢ айтуынша, жоспарлы тексеріс кезінде "Атырау-Доссор" жол бөлігіндегі  120 500 шаршы метрден қара қиыршықтастың ұшуын анықтаған.

Нысан қазіргі кезде кепілдік мерзімінде тұр. Ауа райының қолайлы кезінде ақауларды толығымен жою үшін тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облысы бойынша филиалына және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хат жолдаған.

-  Нәтижесінде бүгін 553-589 шақырым аралығында жолдың беткі қабатын қайта төсеу жұмыстары басталды. Ақауды жою жұмыстары "Маңғыстау құрылыс комбинаты" АҚ мердігер мекемесі қаражысына жасалады, - деді Н. Жантурин.

Айта кетейік, бұл жолға 2021 жылы қыркүйекте орташа жөндеу басталып, 2022 жылдың желтоқсан айында тапсырылған. 

- Бұл жолдың екі жыл кепілдік мерзімі бар. "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" АОФ тексеріс кезінде ақауларды анықтады. Кемшіліктерді жою үшін Маңғыстаудан жөндеушілер келіп, жол полициясынан ордер алып, жұмысқа кірісіп кетті. Қазір жол үстіндегі таңбаларды қырып, тазалау жұмыстары жасалып жатыр. Осы трассаның 12 шақырымына жаңа асфальт, кей жерлеріне көлеміне қарай төселеді. Жұмыстарды екі апта ішінде аяқтаймыз, - деді учаске бастығы Наурыз СҮЙІНҒАРА.

Мердігер жұмыстың кешігіп басталуына жұмысшылардың көрші облыстан келуі және қажетті техниканың бос болмағанымен түсіндірді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Атырау филиалы жолдады

28 шілде 2023, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.