Атырау, 1 сәуір 15:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87

Есірткі науқастарға да керек, бірақ бәрі заң аясында болуы тиіс

1 211 рет қаралды

Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер медициналық мекемелерді, дәріханаларды және пациенттерге осы препараттарды қолдануға заңды рұқсат етілген басқа да ұйымдарды тексереді.

Тексеру барысында бүгінде ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы («Лицензиялау нормаларын бұзу») бойынша екі, 426-бабы («Фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу») бойынша бір және 427-бап ("Есірткі және психотроптық заттардың айналымы саласындағы объектілерді техникалық нығайту талаптарын бұзу") бойынша екі құқық бұзушылық анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 шілде 2023, 02:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.