Атырау, 23 қараша 19:27
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Израильде сот реформасы қабылданып, арты тәртіпсіздікке ұласты

647 просмотра

Наразылық акциялары дүйсенбіде кнессет Жоғарғы соттың атқарушы биліктің шешімдерін бақылау мүмкіндігін шектейтін "ақылға қонымды фактор" туралы заң жобасын мақұлдағаннан кейін басталды, деп жазады Inbusiness.kz.

Заң жобасы соттарға, соның ішінде Жоғарғы Сотқа Үкіметтің, премьер-Министрдің немесе үкімет министрлерінің шешімдеріне қатысты "ақылға қонымды факторды" қолдануға тыйым салады. Яғни енді соттарға бұрынғыдай Үкіметтің шешімдерін қайта қарау немесе жою туралы бұйрықтар шығаруға мүмкіндік беретін заңды доктрина өз күшін жойды.

Кеше басталған Тель-Авивтегі наразылық акциясы аяқталды, 18 адам ұсталды, 10 полиция қызметкері жарақат алды.

"Тель-Авивтегі наразылық акциясы аяқталды. Ереуіл кезінде полицейлерге шабуыл жасағаны немесе қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 18 адам ұсталды... қақтығыстар кезінде 10 полиция қызметкері жарақат алды", — делінген The Times of Israel хабарламасында.

Сондай-ақ, газет полицияның мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, наразылықтар Израильдің оңтүстік округіндегі Хацерим кибуцтасында (елді мекен) атыс болғанын хабарлайды. Қалалық қауіпсіздік қызметінің басшысы ауаға мылтықтан оқ атқан.

25 шілде 2023, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.