Әлемде кең қолданылатын әлеуметтік желі - Twitter логотипін өзгертпек. Компания басшысы Илон Маск ребрендинг жасайтынын мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.
Енді көк құс латын әрпі "искпен" (Х) алмастырылмақ. Миллиардердің айтуынша, жаңа логотип әр адамның ерекше екенін көрсетеді. Егер жаңа логоны әріптестері мақұлдаса, ол ертеңнен бастап іске қосылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, осы шілде айының басында америкалық кәсіпкер жасанды интеллект саласында жаңа компания құратынын мәлімдеген. Жаңа жобада да "икс" (Х) әрпі болатыны айтылған.