Тілші тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілердің соққысы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Бүгін түске таман Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері РИА Новости мен "Известия" журналистеріне артиллериямен соққы жасады.
Журналистер Украина Қарулы күштерінің Запорожье облысының қалалары мен ауылдарын тыйым салынған кассеталық оқ-дәрілермен атқылап жатқаны туралы материалдар дайындаумен айналысқан, деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі.
Украина Қарулы күштері дәл осындай кассеталық оқ-дәрілермен журналистерге соққы жасап, салдарынан төрт адам жарақат алды.
Дала госпитальдарына эвакуациялау кезінде РИА Новости ақпарат агенттігінің әскери тілшісі Ростислав Журавлев қаза болды.
Қалған журналистердің жағдайы орташа, тұрақты. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.