Атырау, 23 қараша 19:37
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде әскерге шақыру жасы көтерілді

1 092 просмотра

Ресейде 2024 жылдың көктемінен бастап әскерге 30 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады. Биыл күзгі әскерге шақыру науқанында жаңа норма қолданылмайды. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

"Заң жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу ұсынылып отыр, яғни бұл ережелер күзгі әскерге шақыру науқанына таралмайды. Мәселен 2023 жылы 31 желтоқсанда 27 жасқа толғандарға 1 қаңтардан жаңа заң қолданылмайды. Алғашқы әскерге шақыру – 2024 жылдың көктемі, ол жаңа ережелер бойынша өтеді", - деді Картаполов.

Заң жобасында әскерге шақыру жасын 18-ден 30 жасқа дейін көтеру көзделген. Тиісті түзету бірінші оқылымда мақұлдады.

Айта кетері, заңның қолданыстағы нормасында әскерге шақыру жасы 27 жаспен шектелген.

21 шілде 2023, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.