Атырау, 30 қыркүйек 04:15
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанның УЕФА коэффициенттер рейтингіндегі орны белгілі болды

951 просмотра

Қазақстан Чемпиондар Лигасы мен Конференция Лигасындағы бірінші біліктілік раундының матчтарынан кейін УЕФА коэффициенттер рейтингінде 38-орнында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тобыл» футбол клубы Конференция Лигасының екінші іріктеу раундына шыққаны және швейцариялық «Базельмен» ойнайтыны хабарланған болатын. Командалар бірінші матчты 27 шілде күні Швейцарияда өткізеді. Қарымта матч 3 тамыз Қазақстанда болады деп жоспарланған.

Сонымен қатар 20 шілде күні Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундының қарымта матчында «Астана» футбол клубы сырт алаңда тбилиссилік «Динамодан» басым түсті. Осылайша, «Астана» іріктеудің екінші раудына шықты. Бұл раундта ол загребтік «Динамомен» кім мықтыны анықтайды.

УЕФА коэффициенті былай құралады: осы маусымдағы орташа ұпайға (жиналған ұпай саны еуромаусымға қатысып жатқан клубтар қауымдастығының санына бөлінеді) алдыңғы төрт маусымның нәтижесі қосылады. Коэффициенттер тең болған жағдайда алдыңғы маусымда коэффициенті жоғары болған қауымдастық жоғары орынға ие болады.

УЕФА коэффициенттерінің кестесі:

1. Англия – 88.928 (2.000)

2. Испания – 75.927 (2.500)

3. Италия – 71.569 (2,285)

4. Германия – 69,552 (2.285)

5. Нидерланд – 52.100 (0,800)

6. Франция – 51,914 (1.333)

7. Португалия – 46.649 (1.333)

8. Бельгия – 34.400 (0.000)

9. Шотландия – 30.450 (0.800)

10. Аустрия – 28.600 (0.800)

...

36. Латвия – 9.750 (0.750)

37. Косово – 9.416 (0.875)

38. Қазақстан – 9.125 (0.750)

39. Солтүстік Ирландия – 9.083 (1.000)

40. Фарер – 8.625 (1.000)

Жақшада осы маусымның рейтингі көрсетілген.

21 шілде 2023, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.