Атырау, 30 қыркүйек 06:22
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда кімге қосымша демалыс беріледі

1 165 просмотра

Ақылы демалыс контекстіндегі "қосымша демалыс" деген тіркес шындыққа жанаспайтындай болып көрінуі мүмкін, бірақ кейбір қазақстандық үшін бұл қолжетімді. Оны кім талап ете алатыны туралы адвокат Надежда Гельдт айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшылар 24 күнтізбелік күнге созылатын негізгі демалыстан бөлек, кей жағдайда, қосымша ақылы демалыс алуға құқылы", - дейді "Право знать" Telegram-арнасының авторы.

Мұндай демалыс мына тұлғаларға:

  • -ауыр жұмыстармен, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;
  • -бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  • -ұзақ мерзімді үздіксіз жұмыс істеген, маңызды, күрделі, шұғыл жұмыстарды, сондай-ақ көтермелеу ретінде өзге сипаттағы жұмыстарды орындаған қызметкерлерге беріледі.

Заңгер адамдардың алғашқы екі санаты үшін қосымша демалыстың ұзақтығы кемінде 6 күнтізбелік күнді құрауы тиіс екенін атап өтті.


21 шілде 2023, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.