Атырау, 30 қыркүйек 06:19
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстандағы байланыс операторларының тарифтері тексеріліп жатыр

1 147 просмотра

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтардың ұялы байланыс операторларының тарифтерді көтеруіне қатысты шағымдарынан кейін тексеру жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Операторлардың тарифтерді көтеретіні туралы хабарламаларға келетін болсақ, қазіргі уақытта агенттік өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр: тұтынушылардан арыз-шағымдар түсті, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, баға мониторингі жүргізіліп жатыр.

Бірақ бұл ретте агенттік бағаны көтерудің негізділігін монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу жөніндегі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде ғана тергеу барысында анықтай алады", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін тұрғындар байланыс операторларының тарифтері қымбаттағанына шағымданған болатын.

21 шілде 2023, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.