Атырау, 30 қыркүйек 06:35
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ауған соғысы ардагерлеріне тұрғын үйін жекешелендіру мүмкіндігін беру мәселесі пысықталуда

571 просмотра

Ауған соғысы ардагерлеріне тұрғын үйін жекешелендіру мүмкіндігін беру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 68-бабына сәйкес, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтар қатарына жатқызылған. Сондай-ақ, аталған Заңының 13-бабы 8-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға құқығы бар», - деді Тамара Дүйсенова жауабында.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленіп, Мәжілістің қарауына енгізілген.

«Аталған заң жобасы аясында бұрын жалға берілген тұрғын үйді сатып алу құқығымен жекешелендіруге рұқсат беруге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасауда. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, ауған соғысы ардагерлеріне тұрғын үйін жекешелендіру мүмкіндігін беру мәселесі жоғарыда аталған заң жобасы аясында уәкілетті мемлекеттік органмен пысықталуда. Мәселе уәкілетті орган мен Үкіметтің тұрақты бақылауында»,- деді министр.

21 шілде 2023, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.