Атырау, 23 қараша 19:29
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Қырғызстанның төрт компаниясына санкция салды

437 просмотра

Тыйым салынған тауарларды Ресейге жеткізгені үшін АҚШ қаржы министрлігі Қырғызстанның төрт компаниясына санкция салды. Олар: RM Design and Development, "ГТМЕ Технологии", "Прогресс лидер" және "Карголайн" компаниялары, деп жазады Azattyq.org.


АҚШ қаржы министрлігінің санкция тізіміне қырғыз компаниялары тауар жеткізіп берген Ресейдің "Базис Трейд Прософт", "Радиотехснаб", "Регион-проф", "Технологии, системы и комплексы" және "СиАйСи" компаниялары да ілінген.

"Қырғызстанға орналасқан компаниялар Украинаға жаппай басып кірген Ресейге әртүрлі технологияны ұдайы жіберген",- дейді АҚШ қаржы министрлігі. Министрлік мәліметінше, ол тауарлар Ресейдің қорғаныс секторындағы мекемелерге арналған.

18 шілдеде The Washington Post АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Қырғызстанға "экономикалық шара" қолдануды жоспарлап отырғанын жазған.

The Washington Post жариялаған мақалада биыл маусым айында Қазақстан кеденінде Қырғызстан компаниясының дрондары тәркіленгенін мысалға алған. Ол кезде Қазақстан кеден қызметі Қырғызстанның "Импульс-Инвест" компаниясы Ресейге жіберген DJI Agras T30 маркалы 14 дронды кәмпескелеген.

Бұған Бішкек қырғыз билігінің қатысы жоқ екенін айтқан. Қырғызстанның экономика министрлігі "аталған компания ауыл шаруашылығына кеңінен қолданылатын бұл дрондардың санкция тізімінде тұрғанын білмеген болуы мүмкін" деп жауап беріп, мұның алғашқы жағдай екенін, ОсОО "Инвест Импульс" жауапқа тартылғанын айтқан.

Биыл маусымда Азаттық Қырғызстан мен Қазақстан компаниялары Батыстың санкциясына ілінген тауарларды Ресейге қалай жеткізіп отырғаны жайлы зерттеуін жариялаған.

22 мамырда АҚШ-тың сауда министрлігі "Ресейдің әскери өнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетіп, санкцияға ілінген компаниялар тізімін жариялаған. Оған Ресей компанияларынан өзге Қырғызстанның Tro.Ya компаниясы да кірген.

21 шілде 2023, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.