Атырау, 30 қыркүйек 06:18
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Маңғыстау облысында зейнетке шыққан өрт сөндірушіні әріптестері ерекше құрметпен шығарып салды

727 просмотра

Маңғыстау облысының Өрт сөндіру қызметінің мамандары мен басшылығы өрт сөндіру қызметінде 15 жыл қызмет еткен әріптестерін ерешке құрметпен шығарып салды. Әсерлі сәтті өрт сөндірушілер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінде 2-МӨСБ бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Ерлан Тілепиевке құрмет көрсетілді. Ерлан Тілепиев өрт күзетінде 15 жылдан астам жұмыс істеді, осы уақыт ішінде ол көптеген өрттер мен төтенше жағдайларды жоюға қатысып қана қоймай, өрт сөндірушілердің өскелең ұрпағын тәрбиеледі.

Өрт сөндіру дәстүрлеріне сәйкес, қызметкерді зейнетке шығарып салар сәтте, әріптестері оның еңбек жолындағы соңғы дабылды қағып, артынан су шашады.

Ерлан Тілепиевті де әріптесрері дәл осы дәстүрмен зейнетке шығары салды.


20 шілде 2023, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.