Атырау, 30 қыркүйек 06:30
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда білім беру саласына қатысты 102 қылмыстық іс тергеліп жатыр

582 просмотра

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы білім беру саласындағы жүйелі проблемаларды ашты. Қазіргі кезде 102 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі бағыттарының бірі ретінде Жемқорлық тәуекелдерінің картасы қолданылады. Бұл туралы агенттік төрағасы Асхат Жұмағали 6 айдың қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.

Оның айтуынша, картаны іске асыру кезінде жемқорлық тәуекелдеріне білім беру саласында сыртқы талдаулар жүргізілді. Ведомство басшысы атап өткендей, Антикор үшін жемқорлық көріністерін жоюда негізгі алдын алу құралдарын пайдалану басымдыққа ие.

«Біз үшін «адам орталықтылығы» қағидаты басымдыққа ие. Мемлекеттік органдар азаматтардың өмірін жақсартуға баса назар аударуы тиіс. Осыған сүйене отырып, Агенттік жұмыстағы тәсілдерді түбегейлі қайта қарады. Жемқорлық тәуекелдерінің карталары басты бағдар болды», - деп атап өтті Асхат Жұмағали.

Білім беру саласында ауқымды жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемалар белгіленген. Агенттіктің интеграцияланған талдауды пайдалануы жемқорлық схемаларын ішінен егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік берді, соның арқасында бүкіл республика бойынша жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде білім беру саласындағы тұтас қылмыстық схемалар ашылды.

«Алматы, Шымкент және Талдықорған қалаларының, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының білім беру саласындағы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер тергелуде. Осылайша, мектеп директорлары мен бухгалтерлері бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылықпен және басқа мәліметтер базасымен интеграциялаудың жоқтығын пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырған. Бұл білім бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік аудиторларды қамту кезінде болған деді А. Жұмағали.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша алдын ала 7,9 млрд теңге шығынмен білім беру саласында 102 қылмыстық іс тіркелген. Жалпы, талдау нәтижелерімен әртүрлі салаларда жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 1100-ден астам ұсынымдар әзірленді, бүгінде олардың 33%-ын мемлекеттік органдар орындады.

20 шілде 2023, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.