Атырау, 30 қыркүйек 06:19
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

13 облыстың архиві толған, құжат сақтайтын орын жоқ

480 просмотра

Еліміздегі 13 облыстың мемлекеттік архиві 100% толған. Мұндай деректер Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда республика бойынша архив қоймалары жүктемесінің орташа көрсеткіші - 91,2%. 2022 жылы ол 88,2% болған еді. Бұл ретте 13 облыстың (Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан, Абай) мемлекеттік архиві 100%-ға толған. Мысалы, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві 135% аузы-мұрнына дейін толды. Орта есеппен жыл сайын мемлекеттік архивтер 350-ден 400 мыңға дейін істі сақтауға қабылдайды. Мемлекеттік архив оқу залдары арқылы пайдаланушыларға 1 млн-нан астам іс беріледі. Мәселен, 2022 жылы мемлекеттік сақтауға 354 803 құжат қабылданды. Биыл 1 тоқсанда 71 139 құжат тапсырылды», - делінген есепте.

Мәлім болғандай, Қазақстанда белгіленген мерзімнен артық уақыт сақталып тұрған 1 млн 724 мың 387 құжат бар.

«Болашақта бұл құжаттар мемлекеттік архивте бос алаңдардың болмауына байланысты мемлекеттік сақтауға қабылданбауы мүмкін. Қалыптасқан жағдай ұлттық архив қорының және жеке құрамның сақталуына қауіп төндіреді», - деп мәселе көтерілген консультативтік құжатта.

20 шілде 2023, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.