Атырау, 30 қыркүйек 06:28
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бас прокуратура балалар лагерлерін тексеруге кірісті

720 просмотра

Бас прокуратура балалар лагерлерін тексеруге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы "саунамен бір үй-жайда балалар лагерін" ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Сондай-ақ, маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді.

Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Олар балалардың тұрмыс жағдайын, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, азық-түлік пен медициналық көмекті тексермек.

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттеліп жатыр.

Еске сала кетейік, Алматы облысы Ұзынағаш ауылында шілде айының ортасында жантүршігерлік оқиға болған еді. Мұнда жазғы демалысын өткізу үшін Алматыдан ондаған бала әкелінді. Алайда мектеп оқушылары жайлы жағдайдың орнына тар, желдетілмейтін бөлмелерге қоныстанған. Сондай-ақ, лагерь саунаның дәл ішінде орналасқан, мұнда сыртта ер адамдар демалатынын байқауға болады.

Қалалық прокуратура екі бап бойынша қылмыстық кодекстің 361-бабы "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" және Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғады.


20 шілде 2023, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.