Атырау, 30 қыркүйек 06:37
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

20 шілдеде ақылы оқуға түсу үшін өтетін ҰБТ-ға өтінім қабылдана бастайды

424 просмотра

Өтінім 30 шілдеге дейін қабылданады, деп хабарлайды informburo.kz.

20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтінім қабылдана бастайды. Өтінім 30 шілдеге дейін қабылданады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 
ҰБТ-ға Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады.
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде талапкерлер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алатындығын айта кеткен жөн.

"Өкінішке қарай, қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кейбір талапкер шекті балл жинай алмады. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шекті балл және әр пәннен кемінде бес балл жинау қажет", – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

19 шілде 2023, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.