Атырау, 30 қыркүйек 06:21
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Түркістан облысында 5 жастағы қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады

590 просмотра

Бес жасар қыздың өлімі оқиғасынан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жоғарғы сот тарапынан биыл мамырда кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Кейін ол ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды.

19 шілде 2023, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.