Атырау, 30 қыркүйек 06:27
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Теміржолдағы апаттарды фото-видеоға түсіруге болмайды деген тыйым күшін жойды

497 просмотра

ҚР Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және видеоға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды  Inbusiness.kz.

Оған сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

Мұндай шектеу ең алдымен теміржолдағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты.

Сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді.

Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды.

19 шілде 2023, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.