Атырау, 23 қараша 19:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ОАР президенті саммитке келетін Путинді қамауға алмас үшін халықаралық сотқа өтініш айтты

561 просмотра

Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамапоса халықаралық қылмыстық соттан Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алуға рұқсат бермеуді сұрады. Бұған дейін осы республиканың "Демократиялық альянс" деп аталатын оппозициялық күштері Йоханнесбургте өтетін БРИКС саммитіне келе қалған жағдайда Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға үкіметті мәжбүрлеу үшін сотқа талап арыз түсірген. Сирил Рамапоса соған жауап қайтарып отыр. "Рамапосаның сөзінше, Путинді қамауға алу - соғыс жариялаумен тең" деп жазады Azattyq.org Reuters-ке сілтеме жасап.

"Оңтүстік Африка республикасына президент Путинді қамауға алып, халықаралық қылмыстық сотқа ұстап беру қиын болып тұр. Ресей Путинді қамау - соғыс жариялаумен тең екенін анық аңғартты", – дейді Рамапоса мәлімдемесінде. Ол бұл мәселе бойынша халықаралық қылмыстық сотпен ақылдасқанын, бірақ оның жай-жапсарын жарияламайтынын айтты.

Биыл наурыз айында халықаралық қылмыстық сот Украинадан басып алған жерден украин балаларын Ресейге заңсыз депортациялады деген күдікпен Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген.

Алдағы тамыз айында өтетін БРИКС саммитіне Путин де келуі мүмкін. ЮАР Рим статутына қол қойған елдің бірі болғандықтан халықаралық қылмыстық соттың шешімін орындап, келген бойда Путинді қамауға алуға тиіс.

Бұған дейін Оңтүстік Африка республикасының вице-президенті Пол Машатиле Путиннің саммитке келмей-ақ қойғаны жөн болатыны, делегацияны сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастап келсе жеткілікті екені туралы Ресейге құлағдар етілгенін айтқан. Бірақ оған Кремль құлақ асқысы келмей, Ресей президентінің Йоханнесбургтегі саммитке қандай форматта қатысатыны белгісіз деп жұмбақтап отырған көрінеді.

19 шілде 2023, 07:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.