Атырау, 4 маусым 01:27
 дождьВ Атырау +18.7
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Қазақстандық спортшы MMA-де нокаутпен дебют жасады

783 рет қаралды
Сурет/ sports.kz

22 жастағы қазақстандық спортшы Олжас Ерланов Кара-Балтада (Қырғызстан) EFC Global 33 аралас жекпе-жек турниріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы 18 жастағы қырғызстандық спортшы Дастан Каныбекуулу болды. Аса жеңіл салмақтағы (57 келіге дейін) жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, бірақ екінші бес минутта техникалық нокаутпен аяқталды.

Ерланов қарсыласының арқасына жармасып, соққылады. Осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты. Бұл – екі спортшының да кәсіби мансабындағы дебюті.

18 шілде 2023, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.