Атырау, 30 қыркүйек 06:29
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Еліміздегі донор аздығы адам өмірін сақтап қалуға кедергі болып отыр – дәрігерлер

508 просмотра

Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы жүрек ауруларын емдейтін орталықта болды. Бұл ұйым – 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан елдің оңтүстік аймағындағы жетекші клиника, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында медициналық мекеме өкілдері сенаторларға клиниканың қызметі туралы хабардар етті және отандық медицинаның қазіргі деңгейі бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, ұйқы безін трансплантациялауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Дәрігерлер сонымен қатар Қазақстандағы донорлардың аздығы медициналық трансплантацияны дамыту мен адамдардың өмірін сақтап қалуға кедергі болып келе жатқанынына назар аударды. Бұл мәселенің сындарлы және заңнамалық тұрғыда шешімі табылуы керек.

Сенатор Айгүл Қапбарова донорлар тапшылығы шын мәнінде күрделі жағдай екеніне тоқтала келіп, мұндай маңызды мәселелер Парламент Сенатында да жан-жақты зерделенетінін атап өтті. Ал Нұрлан Бекназаров медицина саласындағы өзекті мәселелер әрқашан парламентшілердің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Парламент Сенаты денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударып отырады. Жыл сайын республикалық бюджетті жасақтау кезінде денсаулық сақтауға бөлінетін қаржының жеткілікті көлемде ұлғайтуды қадағалаймыз. Мемлекет медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мен қолдауды күшейту жөнінде шаралар жүргізіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын медицина қызметкерлерінің жалақысы көтерілуде», - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

18 шілде 2023, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.