Атырау, 1 сәуір 18:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87

Астанадағы Ұлттық пантеонда орындар таусылып бара жатқаны айтылды

655 рет қаралды

Астанадағы Ұлттық пантеонда тек 4 бос орын қалды, зиратты кеңейту керек. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының қорымдарды күтіп ұстауға арналған отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордадағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлының айтуынша, пантеондағы 25 орынның төртеуі ғана қалған. Қазіргі уақытта зират аумағын кеңейту қажет.

"Пантеон туралы бөлек әңгіме болады. Дайындаңыздар (құжаттарды - еск.) тамыздың басында барамыз, сол жерде жиналыс өткіземіз", - деді қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов.

Еске сала кетейік, 24 наурызда "Ашық НҚА" порталында Ұлттық пантеонға жерленетін Қазақстанның көрнекті тұлғаларының тізімін қайта қарау туралы премьер-министр қаулысының жобасы пайда болған еді.

18 шілде 2023, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.