Атырау, 27 қараша 17:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау облысындағы жол құрылысында көптеген ақау анықталды

1 250 просмотра

Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім бастығы Нұрлан ЖАНТУРИН айтты. 

Филиал инженерлері жыл басынан бері 76 нысанды тексерген.  Жол құрылысына қажетті материалдардан 485 сынама алынды. Оның 159-і талапқа сай емес.

Сонымен қатар республикалық жолдарға пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарынан 263 сынама алынып, зертханада тексерілді. Нәтижесінде 65 сынаманың  ҚР Стандарттарына сай еместігі анықталды.

Сондай-ақ, өткен жылы «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахан бағыты)» автомобиль жолының 553 – 598 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстарынан да ақау анықталды. Нысан қазіргі кезде кепілдік мерзімінде тұрғандықтан және ауа райының қолайлы кезінде ақауларды толығымен жою үшін «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облысы бойынша филиалына хат жолданды.   

Бүгінде тексеріс нәтижесінде сапасыз деп танылған асфальтбетон төсемінің 1116 шаршы метрі және темірбетон құрылғыларының 259 бірлігі ауыстырылды.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жолдаған суреттер

18 шілде 2023, 23:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.