Атырау, 2 мамыр 12:18
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қарағандыда қашып кеткен сотталушы ұсталды

575 просмотра

Қарағандыда ауыр қылмысы үшін сотталған 35 жастағы ер адам қашып кетті. Кейін оның ұсталғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол 35 жастағы Батыс-Қазақстан облысының тумасы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған", - делінген хабарламада.

Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілгені айтылды.

Кейінірек, 18 шілдеде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қашып кеткен ер адамды жедел қызметкерлер ұстағаны хабарланды.

"Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашқан сотталған ер адам қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабараламада.

Соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді деп хабарланды.

18 шілде 2023, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.