Атырау, 22 желтоқсан 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

2024 жылы елордада үйіне көгілдір отын кіргізген халықтың саны 300 мыңға жуықтайды

552 рет қаралды

2024 жылы елордада көгілдір отынға қол жеткізген тұрғындар саны 300 мыңға жуықтайды. Бұл туралы Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылы аудандық «Тұран», «Тельман» қазандықтарына және «Ильинка», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс» тұрғын үй алаптарына газ жеткізу желілерінің құрылысы жүріп жатыр. 80 шақырым жоғары қысымды газбен жабдықтау желісі салынды. Осылайша, 2024 жылы 300 мыңға жуық халық газбен қамтамасыз етіледі», - деді ол қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар ол елорданы газдандыру қала экологиясына қалай әсер ететінін атап өтті.

«Жалпы тұрғын алаптарын газдандыру және энергия көздерін газға көшіру зиянды шығарындыларды жылына 40 мың тоннаға азайтады. Сондай-ақ газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды азайтады», - деді Мақсат Есмағұлов.

18 шілде 2023, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.