Атырауда жыл басынан бері есірткіні заңсыз сату және тарату қылмысымен 30 адам сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Олардың арасында 18 жасар бойжеткен мен 20 жастағы жігіт бар.
«Сот үкімімен синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 18 жастағы жас қыз 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл қылмыстық әрекетке оны 20 жастағы жігіті тартқан. Оған да 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Есірткі мен психотроптық заттардың аса ірі мөлшерде тарату - 10 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын аса ауыр қылмыс. Синтетикалық заттардың 1 грамнан жоғары мөлшері, аса ірі мөлшер болып саналады», - делінген баспасөз хабарламасында. Жастардың мұндай қылмысқа жеңіл жолмен өздері ойлағандай мол ақша табу үшін барады. Алайда, мұның соңы жақсылыққа апармайтыны ақиқат.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА