Атырау, 27 қараша 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Заңдастырылмаған шетелдік көліктерді уақытша тіркеу басталды

1 120 просмотра

17 шілдеде өзге елдің есебінен шықпаған автокөліктерді уақытша тіркеу процесі басталды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы полиция қызметкерлеріне тиісті құжаттарды тапсырып, заңдылығы тексерілгеннен кейін 15 мың теңге мөлшерінде алым төленіп, 5 жылға уақытша есепке қойылады.

Уакытша есепке кою кезінде ҚР көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі. Тіркеу туралы куәлікте «уакытша есепке алу, иеліктен шығару және ҚР тыс жерлерге шығу кұкығынсыз» деген жазбалар көрсетіледі.

Шет елдің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік номірлік белгісін сақтау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, егер автокөлікті Қазақстанда бастапқы тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, алдымен, бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарып, 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу үшін алым төлейтінін естеріңізге саламыз.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 шілде 2023, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.