Атырау, 23 қараша 19:31
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей астық мәмілесінен шықты

918 просмотра

Астық мәмілесі - Украинадан ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау мүмкіндігі туралы келісім тоқтатылды.  Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, астық мәмілесі туралы ұстанымды Мәскеу Қырым көпіріне шабуыл жасамас бұрын да айтқан және бүгінгі оқиғалар оның тоқтатылуымен байланысты емес. Келісімнің мерзімі 17 шілдеде аяқталады.

Песков сонымен бірге Ресей осы келісімдер бойынша Мәскеудің талаптары орындалған кезде мәмілені қарауға оралатынын айтты.

Ресей бүгін Түркия мен Украинаны, сондай-ақ БҰҰ Хатшылығын астық мәмілесін ұзартуға қарсы екені туралы ресми түрде хабардар етті, деп мәлімдеді Ресей СІМ өкілі Мария Захарова.

Астық мәмілесі – бұл Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ арасындағы Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін Қара теңіз арқылы экспорттау туралы келісімдер. Ресей уағдаластық аясында өзінің кейбір аграрлық өнімдерін экспорттау және тасымалдау үшін санкциялық шектеулерді алып тастауды сұрады. Мәміле тараптары бір-бірін «келісімдерді бұзды» деп бірнеше рет айыптады.

17 шілде 2023, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.