Атырау, 27 қараша 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Облыс әкімі Вокзал маңы ықшамауданындағы жертөлелерді ретке келтіруді тапсырды

Бейнежазба
1 593 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Вокзал маңы ықшамауданының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар көтерген негізгі мәселелер ПИК жұмысына, термомодернизация, электр қуаты және аулаларды абаттандыруға қатысты болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

26 А мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғындары жертөлені су басқанын бұл оларға қолайсыздық туғызып отырғанын және мұндай жағдай осы аудандағы бірнеше үйде бар екенін жеткізді.

- Сіздің ықшамаудандағы ең маңызды мәселе - кәріз суларымен толған жертөлелер. Сондықтан біз былай істейік. Вокзал маңы ықшамауданындағы осында" қиындығы бар үйлердің жертөлесін судан тазартып, құрғатуға коммуналдық қызметкерлерге тапсырма бердім. Бірақ оны бір рет дұрыстап тазалап, жөндеп береміз. Әрі қарай әкімдік күнде істей алмайды. Бұл жұмыстар әкімдіктің міндеті емес. Әрі қарай ПИК пен тұрғындардың өзі ортақ пайдаланатын жерлерді өзара бірігіп күтіп-ұстағаны жөн болады, - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов. 

Кездесу барысында тұрғындар жұмыс істемейтін пәтер иелері кооперативінің қызметін жүйелеу және үйін терможаңғыртудан өткізу мәселелерін көтерді. Өңір басшысы жұмыс істемейтін пәтер иелері кооперативтерін анықтау үшін қала әкімдігі қажетті заң көмегін көрсететін айтты. Сонымен қатар тұрғындар ПИК-ті сайлауға, оның жұмысын қатаң бақылауда ұстауға толық құқылы екенін атап өтті. Ал үйлерді терможаңғыртудан өткізу туралы қала әкімдігіне тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

- Үйлерді терможаңғыртудан өткізуге байланысты айтатыным, тұрғын үй - әр азаматтың жеке меншігі. Тиісті заңда да тұрғын үй иесі өз пәтерін күтіп ұстауға міндетті делінген. Мемлекет осы ретте терможаңғырту бағдарламасын ұсынды. Терможаңғырту - өз үйіңізге салынған инвестиция болғандықтан, оны жүргізуден қорықпау қажет. Оған ток көзін де, төбесін де, кіреберісті де, терезесін де істеуге болады. Мұнда аз қамтылған, зейнеткер сынды төлеу мүмкіндігі төмен адамдар тұруы мүмкін. Оларға мемлекет тарапынан тұрғын үй көмегі беріледі. Бұл жұмыстар басталған кезде оны қадағалау, мердігер мекемесін анықтауды өздеріңіз жүргізесіз. Әкімдік тиісті қолдауды көрсетеді,-деді С.Шәпкенов.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазба ӨКҚ

17 шілде 2023, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.