Атырау, 27 қараша 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қала маңында шатырлар ұшты: бұл үйлер қалай салынған?

Сурет Бейнежазба
1 206 просмотра

Қала іргесіндегі Талғайраң-2 ауылында қатты жел «Отбасы банкі» ипотекалық бағдарламасы бойынша салынған үш үйдің шатырын жұлып әкетті.

- Отбасымызбен қонаққа кеткеніміз жақсы болды, әйтпесе сұмдық жағдай болуы мүмкін еді, - дейді зардап шеккен үйлердің бірінің иесі Нұрболат АҚТАЕВ. - Мен бұл үйді 2020 жылы ипотекаға алған едім. Қатты дауыл емес, жел осындай зиян келтіретіндей үйдің қалай салынғанын білмеймін. Енді далада қалдық, ары қарай не істерімді білмеймін.

Ақтаевтың үйінің шатырынан бөлек, қабырғаның бір бөлігі де опырылған.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін бірден оларға Атырау қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН келіп, 17 шілдеде «Отбасы банкінің» басшылығымен бірге осында келуге уәде берген.

Кейін қала әкімінің баспасөз қызметі мынадай хабарлама таратты: "16 шілдеде Талғайраң-2 ауылына 11:00-де апат орын алған жерге қала әкімі Шәкір Кейкін, оның орынбасары, округ әкімі және жауапты бөлімдер, «Арнаулы автобаза» және ТЖД қызметкерлерімен барып, мән-жаймен танысты. Сол күні  мердігер мекемелерді және шатыры ұшқан 3 үй кепілдіктікте тұруына байланысты АҚ «Отбасы банкі» Атырау филиалы басшысының орынбасарының қатысуымен тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Олар мәселені шешудің заң талаптарына сай оңтайлы жолын қарастырды. 

Осы мақсатта әкімдікпен тұрғындардың және жауапты мекемелерден комиссия тобы құрылатыны жөнінде шешім қабылданды. Қосымша зардап шеккен үш үйді қалпына келтіру мақсатында алдын ала техникалық тексеру жасау жоспарланды. Аталған мәселе қала әкімінің бақылауында болатыны тұрғындарға жеткізілді".

Айнұр САПАРОВА

Зардап шегушілер жолдаған суреттер мен бейнежазба

17 шілде 2023, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.