Атырау, 30 қыркүйек 08:27
 ашықВ Атырау +26
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматыда 47 жастағы әйел жеті жасар өгей қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

1 211 просмотра

Алматыда өгей анасы жас қызды өлгенше соғып тастаған. Салдарынан қыз бала оқиға орнында жан тапсырды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналистің хабарлауынша, қыздың өліміне күдікті - 47 жастағы қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек.

Қаза тапқан бүлдіршін одан шамамен 15 жас кіші жолдасының (аула сыпырушы) бірінші некесінен туған қызы болған.

Алматы қалалық полиция департаменті Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлады.

«Күдікті – 1976 жылы туған Т. есімді азаматша ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің даспасөз қызметі.

14 шілде 2023, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.